Павлодарлық информатик үздік IT ұстаз атағын алды

Ол кәсіби шеберліктің шыңын бағындырған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
26-28 мамыр аралығында Астана қаласында «Спорттық бағдарламалау федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «CPFED Uzdik IT Ustaz» республикалық турнирінің қорытынды кезеңі өтті.
Бұл интеллектуалды жарыс, елдің түкпір-түкпірінен келген ең жақсы информатика мұғалімдерін біріктірді, тек білім беру ғана емес, цифрлық болашаққа деген қызығушылықты ояту идеясымен шабыттандырды.
Павлодар облысының намысын, лайықты ұстаздар — өз ісінің нағыз шеберлері абыроймен қорғады.
Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің мұғалімі Светлана Васина ең жоғары балл жинап, «Uzdik IT Ustaz» атағын алып, турнир жеңімпазы атанды.
Сондай-ақ, С. Торайғыров ат. ЖОМ мұғалімі Илья Поляков, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің мұғалімі Қайрат Солтаналинов турнирде үшінші орын алды.