Сауда және интеграция бірінші вице-министрі павлодарлықтармен кездеседі

Азаматтар толғандырған мәселелерін айтып, сұрақ қоя алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
30 мамыр күні Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 88а мекенжайындағы аудан әкімдігінің ғимаратында ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова бизнес өкілдерімен, тұрғындармен кездесу және азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу сағат 14:30-15:30, ал азаматтарды қабылдау сағат 15:30-16:00-де ұйымдастырылады.
Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін 7 701 786 3919 (Азиза Нұрпейісова) телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.