Павлодарлық монополист үш миллион теңге айыппұл арқалады

Павлодарлық монополист үш миллион теңге айыппұл арқалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әкімшілік іс қысқартылған тәртіпте қаралды, деп хабарлайды @Pavodarnews.kz.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департамент «Павлодарэнерго» АҚ-ға сатып алу рәсімін бұзғаны үшін 3,1 миллион теңгеге айыппұл салды. «Travertin Stone Center» ЖШС 2024 жылы «Павлодарэнерго» АҚ қажеттіліктеріне өткізілген сатып алулардың заңдылығы мәселесі бойынша қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізуді өтінді.

Тексеру нәтижесінде ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26-бабы 2-тармағының 18 тармақшасының Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларының 44, 187-тармақтарының талаптарын, атап айтқанда, табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүргізу рәсімін бұзғаны анықталды.

«Павлодарэнерго» АҚ-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес қысқартылған тәртіппен әкімшілік іс қозғалып, 3 145 600 теңге сомасына айыппұл салынды.

Сонымен қатар, департамент өткізілген сатып алу нәтижесінің күшін жою және қайта сатып алуды өткізу туралы ұйғарым енгізді.