Павлодарлық оқушылар құқықтық сауаттылығын арттырды

Павлодарлық оқушылар құқықтық сауаттылығын арттырды
Фото: Қалалық ББ

Оған 5 - 10-сынып оқушылары қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық білім бөлімінің мәлімдеуінше, құқықтық сағатқа қаладағы 18 жалпы білім беретін мектептің оқушылары жұмылдырылды.

- Құқықтық сауаттылықты арттыру, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, өз құқықтары мен міндеттерін білу, қоғамдағы мінез-құлық мәдениетін сақтау мақсатында ұйымдастырылды, - делінген хабарламада.

Қатысушылармен облыс әкімдігі жанындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топтың өкілі Гүлмира Есімханова, Сандуғаш Ахметжанова, № 24 мектептің психологы, Виктория Улькина, № 2 мектептің бастауыш сынып мұғалімі кездесті.

Диалог алаңында Г. Есімханова «Құқық бұзушылық және құқықтық жауапкершілік» тақырыбында түсініктеме берді. Ал С. Ахметжанова мен В.Улькина «Сенімді және сенімсіз мінез-құлық» тренингін өткізді. Қатысушылар оқушылардың құқықтары мен міндеттері бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап берді.