Павлодарлық оқушылардың IT-жобасы арқылы ақша ұтып алу мүмкіндігі бар

Жастарда өз жобаларын бастауға мүмкіндік туды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірлік Pavlodar Hub облыс тұрғындарын 12-13 желтоқсан аралығында «IT Fusion Pavlodar» байқауында IT саласындағы білімдерін тексеруге шақырады. 16 жасқа дейінгі мектеп оқушылары төрт адамнан тұратын командаларға бөлініп қатыса алады.
Олар жобаға арналған AI – жасанды интеллекттегі инновациялар, FinTech – қаржылық технологиялардағы революция, EduTech – білімге арналған цифрлық шешімдер, Smart City – смарт қалаларға арналған технологиялар деген тақырыптардың бірін таңдауы керек.
– Жастардың өзінің бірегей жобасын әзірлеуге және IT-сарапшылармен және пікірлестермен кездесуге мүмкіндігі бар. Әр адамның ақшалай сыйлық ұтып алу және жеке портфолиосын жақсарта алады, – деді Pavlodar Hub ұжымында.
Жарыстың жалпы жүлде қоры 450 мың теңгені құрайды. Жеңімпазға ұйымдастырушылар тарапынан 250 мың, екінші орынға – 150, үшінші орынға 50 мың теңге сыйақы беріледі.
Қатысушылар 10 желтоқсанға дейін astanahub.com сайтында тіркеле алады.Байқауды Торайғыров атындағы университет өткізеді.