Павлодарлық полицейлер жолда абай болуды ескертеді

Павлодарлық полицейлер жолда абай болуды ескертеді

Облыста ауа температурасы күрт төмендеп, көктайғақ күтілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аймақта ауа температурасының күрт төмендеуі, жауын-шашын мен оның қарға ұласуы жалғасуда. Сонымен қатар, көктайғақ болады деп күтілуде.

- Осыған байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, кенет тежегішті баспауды, қашықтық пен бүйірлік қашықтықты сақтауды, жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз. Ауа-райының күрделі жағдайын ескере отырып, қала сыртындағы ұзақ сапарлардан бас тартуды ұсынамыз. Мүмкін болса, балама көлік түрін пайдаланыңыз, - делінген хабарламада.

Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше сақ болуды ескертеді. Өз қауіпсіздігіңіз үшін жолдардан өтерде белгіленген жерлерден ғана жүруге кеңес береді. Жолдарда жүру кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша шараларды қабылдаңыз.