Павлодарлық полицейлер зорлық-зомбылықтың құрбандарын жаңаша анықтайды

Павлодарлық полицейлер зорлық-зомбылықтың құрбандарын жаңаша анықтайды
Фото:pixabay.com

Психологтармен әзірленген сұрақтар арқасында тәртіп сақшылары отбасындағы моральдік климатты бақылай алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Азамат Күркебаевтың сөзінше, Павлодарда отбасылық зорлық-зомбылық тәуекелдерін бағалаудың инновациялық механизмі сынақтан өткізілді.

– Әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының жұмысына, отбасылық тұрмыстық қатынастар кезіндегі учаскелік инспекторлардың іс-қимыл алгоритмдері әзірленіп, енгізілді. Құрбандар санатын нақты диагностикалау және профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру үшін тәуекелдерді бағалау парақшалары пайда болды,– деді Азамат Күркебаев.

Тәуекелді бағалау парақтарында 16-дан астам сұрақ бар. Психологтармен құрастырылған сауалдар агрессордан зардап шеккендерді анықтауға және отбасындағы моральдік климатты көрсетеді.

– Жоба жүзеге асырыла бастағалы зардап шеккендер арасында 4500-ден астам сауалнама жүргізілді. Зорлық-зомбылық тәуекелі бар 56 отбасы бақылауда. Учаскелік инспектор, сондай-ақ, әйелдер құқығын қорғау желісі бойынша инспектор осындай жанұяларды күн сайын тексеріп отырады. Тәуекел тобындағы отбасыларға полицияға қайта шақырту болған, агрессия белең алып жатқан, арызын қайтарған, ажырасуға таяу және ішімдікке салынатын жанұялар жатады,– деді  Азамат Күркебаев.

Егер де зорлық-зомбылыққа қатысты шақырту келіп түссе, полицейлер әрекет алгоритмі бойынша жұмыс істеу қажет. Міндетті түрде екі полиция қызметкері шақыртуға бару керек. Біреуі агрессормен әңгіме жүргізсе, екіншісі жәбір көрушімен сөйлесуі тиіс. Бұл ретте агрессордың «барлығы жақсы» деген сөздеріне сеніп қалмауы маңызды. Содан кейін тәуекелді бағалау парағы бойынша сұрақтар қойып, полицейлер агрессорға қатысты шешім қабылдайды: алып кету немесе бақылауда ұстау.