Павлодарлық полицейлер ішімдік ішкен жастарды ұстады
Олар достарының туған күнін тойлауға жиналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 01:00 шамасында полицияға пәтерлердің бірінде үйде шу шығарғаны, музыка қатты ойнағаны туралы қоңырау түсті. Шақыруға келген полиция қызметкерлері бірнеше кәмелетке толмаған жастардың пәтер жалдап, сол жерде досының туған күнін атап өткенін анықтады.
– Олар алкогольді ішімдіктерді ішіп, көңіл көтеріп, аулаға шығып шу шағарған. Жеткізілгендер арасында колледж студенттері және мектеп оқушылары бар,– дейді департаментте.
Айта кету керек, 18 жасқа толмаған тұрғындардың қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін ата-аналарына тиісті айыппұл салынып, хаттама толтырылды.