Павлодарлық ТЖД қызметкерлері Қарағандыдағы бөгеттерді тексерді
Алдын алу шаралары көктемгі су тасқыны кезінде халықтың қауіпсіздігіне кепілдік береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қыркүйек күні Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тексеру жүргізілді.
Сапар барысында бірнеше нысандар зерттелді: «Ақжар» платинасы, «Қаратока» платинасы, Қ.Сәтбаев атындағы ауылдың бөгеті, М.Шорман атындағы ауылдың бөгеті. Су тасқыны кезінде елді мекендер мен инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын су өткізу құрылыстарының жай-күйін бағалауға басты назар аударылды.
Көшпелі топтың құрамына Павлодар облысы ТЖД, Баянауыл ауданы ТЖБ, Баянауыл ауданы әкімдігінің, Ертіс бассейндік инспекциясының өкілдері, сондай-ақ Қарағанды облысы ТЖД және «Қарағанды су қоймалары» КМК өкілдері кірді.
– Мұндай алдын алу шаралары төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтып қана қоймай, көктемгі су тасқыны кезеңінде халық пен инфрақұрылым объектілерінің қауіпсіздігіне кепілдік беруге мүмкіндік беретінін атап өту маңызды, – дейді ведомствода.
Барлық ведомстволардың уақтылы дайындалуы мен үйлесімді жұмысы су тасқынының ықтимал салдарын барынша азайтуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.