Павлодарлық университетте «жақсылық қорабы» орналастырылды

Павлодарлық университетте «жақсылық қорабы» орналастырылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Заттар балаларды қолдау орталығына тапсырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Марғұлан университетінде құрылған «Lotos» еріктілер ұйымы «Жақсылық қорабы» қайырымдылық акциясын ұйымдастырады.

17-20 наурыз аралығында жаңа немесе жақсы күйдегі қолданыстағы заттарды әкелуге болады: киім, кеңсе тауарлар, ойыншықтар, кітаптар.

Барлық жиналған заттар өңірлік балаларды қолдау орталығына жеткізіледі.

Заттарды университеттің 1 және 5-корпустар, №1 және 2 студенттер үйіне тапсыруға болады.