Павлодарлық жас гимнасшылар республикалық чемпионаттың күміс жүлдесін алды

Павлодарлық жас гимнасшылар республикалық чемпионаттың күміс жүлдесін алды
Фото: pexels.com

Спортшылардың көбі осындай жарысқа бірінші рет қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қарағанды қаласында көркем гимнастикадан көпсайыс бойынша юниорлар арасында Қазақстан Республикасының кубогы және көпсайыстың жеке түрлерінен юниорлар арасында чемпионат өтті. Павлодар облысы атынан 22 спортшыдан тұратын №1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің командасы өнер көрсетті. 

ҚР чемпионатының ақтық сынында топтық командалар арасында 5 гимнастикалық шеңбермен жаттығудан  күміс жүлдеге ие болды. 

Жеке бағдарламада 77 қатысушыдан гимнастикалық ұршықпен ақтық сынға Аиша Жангазинова шықты.