Павлодарлық жедел уәкілдер халықаралық іздеуде жүрген күдіктілерді ұстады

Өңірде 14 қылмыскердің орналасқан жері анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ТМД елдерімен бірлескен «Іздестіру» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу қорытындысы бойынша олардың 8-і өткен жылдардағы қылмыстары үшін іздеуде болған.
– Ресей Федерациясының Грозный қаласында 1999 жылдан бері облысымызда бірқатар ауыр қылмыстар жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген көрші мемлекеттің азаматы ұсталды. Алматыда өткен жылы алты алаяқтық жасады деген күдікпен Екібастұз тұрғыны қолға түсті. Ақсуда Моңғолия Республикасының аумағында тонау жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскер құрықталып, ер адам қамауда. Барлық іздестірілген адамдар туралы іздестіру бастамашыларына хабарланды, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.
Сондай-ақ, полицейлер ақпан айынан бастап туыстарымен байланысқа шықпаған павлодарлықтың орналасқан жерін анықтады. Ол осы уақыт ішінде Алматыда жұмыс істеген және туыстарын ескертпеген.