Павлодарлық жеңіл атлет Париж Олимпиадасына қатысуын аяқтады
Ольга Сафронова жұбаныш айналымында сынға түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Olympic.kz мәліметінше, спортшы 200 метрге жүгіруден жартылай финал жолдамасына таласқан болатын.
Баспасөз орталығының хабарлауынша, жартылай финалға шығу үшін өз тобында бірінші орын алу немесе өз тобында бірінші орын алған спортшылар арасында үздік нәтиже көрсету керек еді.
Алайда, Ольга Сафронова өз тобында алтыншы орын алып, Париж ойындарын аяқтады.