Павлодарлық жүргізушілер енді көпірден өте алады

Павлодарлық жүргізушілер енді көпірден өте алады
Фото: Константин Шелков

Көпірдегі жөндеу жұмыстары мерзімнен бұрын аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының трамвай басқармасының мәліметінше, автокөлік иелері үшін  қалаға қарай көпір жолы ашылды. 

– Бұл учаскені жөндеу екі аптаға жоспарланған болатын, бірақ автокөлік жүргізушілеріне ыңғайлы болу үшін мерзімінен бір апта бұрын аяқталды, – делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, көпір учаскесін 22 шілде күні жауып тастаған еді.