Павлодарлық жүзуші облыстық чемпионатта үш жүлделі орынды иеленді

Павлодарлық жүзуші облыстық чемпионатта  үш жүлделі орынды иеленді
Фото: pexels.com

Спортшы жүзумен алты жасынан бастап айналысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, жүзуден облыстық чемпионатта Павлодар қаласының № 27 ЖОМ 6- сынып оқушысы Валерия Склярова үш жүлделі орынға ие болды.

Ол 50 метрге эстафеталық жүзуде I орынды, 50 метрге еркін стильде II орынды, 200 метр қашықтықта арқамен аралас жүзуде III орынды иеленді.

Валерия олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде алты жасынан бастап жүзумен айналысады. Оның  жаттықтырушысы – Наталья Мешкова жоғары біліктілік деңгейдегі жүзуден спорт шебері. Осы уақыт аралығында Валерия әртүрлі деңгейдегі жүзу турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері атанды.

Мектеп гимназия сыныбында жақсы оқиды. Математиканы, ағылшын тілін жақсы көреді және мектептегі пәндік олимпиадалардың жеңімпазы. «Кенгуру», «Ақ бота» онлайн байқауларына қатысады. 5-9 -сынып оқушылары арасында «Тарих ата» тарихы бойынша республикалық олимпиада, математика, ағылшын тілі бойынша «Бастау» республикалық олимпиадасының сертификаттарымен марапатталған. Ол сондай-ақ сурет салуды, бисермен айналысуды жақсы көреді.