Павлодарлық өнерпаздар жалпықазақстандық ашық диктантқа қатысты

Павлодарлық өнерпаздар жалпықазақстандық ашық диктантқа қатысты

Шара Қазақстан халқының тілдері күніне орай өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәлімдеуінше, «Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» тақырыбымен өткен жалпықазақстандық ашық диктантқа павлодарлықтар да бір адамдай ат салысты.

- Жалпықазақстандық ашық диктант бүгінгі яғни 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні шеңберінде және «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында ұйымдастырды. Ол қазақтың біртуар тұлғасы М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған «Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» тақырыбында жазылды. Оған 50 адам қамтылды, - делінген хабарламада.

Диктанттың мақсаты – мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту, әрбір азаматқа қазақ тіліндегі білімін және сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру, жазу мәдениетін қалыптастыру және арттыру болып табылады. 

С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ұйымдастырылған шараға мәдениет саласының өкілдері яғни Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің және "Нұр" би ансамбльінің артистері қатысты.