Павлодарлықтар алаяқтардың арбауына түсіп қалмас үшін «иммунитет» қалыптастырады

Ол үшін меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Депутаттар павлодарлықтар үстеме пайда уәделеріне көніп, соңғы жинақтарын күмәнді жобаларға аударып, мүлкін кепілге қойып, несие алған алаяқтық фактілерге назар аударды. Бірақ мұның бәрі үлкен қаржылық шығындарға әкеледі. Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері депутаттарға меморандумға қол қоюды және облыс тұрғындарына ақпаратты тексеруді үйретуді ұсынды.
– Біз азаматтар арасында қаржылық немесе өзге де алаяқтық схемалардың құрбаны болмас үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Павлодар және облыс аудандарына баруды жоспарлап отырмыз. Меморандум біздің іс-әрекеттеріміз келісіліп, ресми мәртебеге ие болуы қажет, – деп нақтылады тараптардың өкілдері.
Депутаттар да, тергеушілер де қаржылық сауаттылықтың жоқтығын басты мәселе деп санайды. Павлодарлықтар кірістіліктің шынайы емес пайызы туралы ұсыныстарды естиді, бірақ тіпті әлемдегі ең ірі банктер де мұндай мөлшерлемелерді бермейтінін түсіне қоймайды. Тез арада байып кетуді ұсынатын фирмалардың артында көбінесе қызметкерлер құрамы, материалдық-техникалық база немесе нақты қызмет жоқ.
Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко меморандум – бұл өңір тұрғындарымен жүйелі диалог орнатудағы маңызды қадам екенін атап өтті.
– Орындарға бірлескен сапарлар кезінде алдап кету жағдайларын тіркеп, оларды талдап, ақпаратты құзыретті органдарға беру маңызды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың депутаттық корпус пен барлық деңгейдегі мәслихаттар жұмысының тиімділігін арттыру және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды нығайту туралы тапсырмаларына сәйкес келеді. Біз ортақ іс жасаймыз – азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қамқорлық жасаймыз, – деп атап өтті Илья Теренченко.
Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің бастығы Ерік Есенов ведомство жұмысының нәтижелерімен бөлісті. Соңғы жылдары 500-ден астам адам зардап шеккен бес ірі қаржы пирамидасының көзі жойылды. Павлодарлықтарға және мемлекетке миллиардтаған теңгеге залалды өтеді. Заңсыз айналымнан ондаған мың контрафактілік өнім тәркіленді, жоғары мемлекеттік сатып алулар бойынша бюджет шығындарының алдын алды, жүздеген миллион теңгеге жалақы бойынша берешек өтелді.
– Жыл басынан бері біз еңбек ұжымдарында, мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында 50 мыңнан астам адамды қамтитын 75 дәріс өткіздік. Екі тілде ақпараттық материалдар мен бейнероликтер дайындалды, олар қаржы пирамидасын заңды бизнестен қалай ажыратуға болатынын және алаяқтардың айла-амалдарына қалай түспеу керектігін түсіндірді, – деді Ерік Есенов халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға назар аударды. – Қаржы пирамидалары жарнама, әлеуметтік желілер және жеке байланыстар арқылы жаппай тартылатындықтан қауіпті. Нәтижесінде адамдар бәрін жоғалтады.
Спикер Павлодар қалалық сотында жақында болған үкімнің мысалын келтірдң. Сотта адамдарды қаржы пирамидасына 3,5 миллиард теңгеден астам қаржы салуға тартқан топ айыпталды. Ерік Есеновтың пікірінше, меморандум облыстың әрбір тұрғынына базалық қағидаттарды бірлесіп жеткізуге және қаржылық шығындардан қорғауға мүмкіндік береді.