Павлодарлықтар ҰОС майдангерлерін еске алды (ФОТО)
Тұрғындар мәңгілік алау жанына гүл шоқтарын қойып, майдангерлерге құрмет көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жеңіс күні павлодардықтар Даңқ алаңына жиналып, батырлардың ерлігіне бас иіп, соғыс қаһармандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Шараға облыс әкімі Асайын Байханов, Ауған соғысының ардагерлері, депутаттар, ҰОС қатысушыларының ұрпақтары және қала тұрғындары қатысты.
— Бұл үлкен мереке. Қазақ халқы жаны жайсаң, көңілі дархан, батыр халық. Қазақ халқының рухының күштілігінен осындай жерді қорғап қалдық. 1812 жылы Напалеон Мәскеуді алғанда қазақтың 90 мың, башқұрдың 10 мың атты әскері Напалеонды қуып шықты. Ал, Ұлы Отан соғысы кезінде жау Мәскеудің түбіне келгенде Панфилов ауыр жараланып қалғанда капитан Бауыржан Момышұлы басшылықты алып, жауды Мәскеуге жібермеді. Қазақ халқының рухы әрдайым жоғары болсын. Жастарға Қабанбайдың қайратын, Бауыржанның айбатын тілеймін,- дейді ардагер ұстаз, Павлодар қаласының Құрметті азаматы Махмет Демесінұлы.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысында ҰОС қатысқан 12 ардагер қалған. Мереке қарсаңында майдангерлерге 2 млн теңгеден берілді.
Мақсат Көлтай
Фото: Валерий Бугаев