Павлодарлық оқытушы балық аулаудан чемпион атанды

Павлодарлық оқытушы балық аулаудан чемпион атанды
Фото: ИнЕУ баспасөз қызметі

Жарыс Қостанай қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Инновациялық Еуразия университетінің аға оқытушысы Павел Логвиненко «Энергетика, инженерия және ақпараттық технологиялар» кафедрасында сабақ береді. Ел чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, спорт шебері.

– Спортшы жеке және командалық есепте алтын медаль жеңіп алды. Бір аптадан кейін чемпион әлемдік кезеңге қатысу үшін Моңғолияға ұшады, – дейді жоғары оқу орнында. 

Айта кетерлігі, Павел Логвиненко  төрт жасынан бастап атасымен балық аулауға барып жүрген. Кейін есейгенде әкесімен бірге балық аулап, бұл іске достары мен таныстарын тартқан. Осылайша жылдар бойы балық аулаудың практикалық дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, спорттық балық аулаудың теориялық негіздерін де үйренген.