Павлодарлықтарды жануарларға арналған ойыншық жасауға үйретеді

Қолдан жасалған әр ойыншық мейірімге зәру жануарға қуаныш пен жылу сыйлайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
8 тамызда сағат 16:00-де Жастар бастамаларын дамыту орталығында «ЗооДостар» жобасы аясындағы «Тамаша ойыншық» шеберлік сабағы өтеді.
– Жақсылық жасау – оп-оңай, әсіресе ол жұмсақ, үлпілдек әрі жүрек жылуымен дайындалса. Шеберлік сабақта біз жануарларға арналған ойыншықтар жасаймыз, –дейді ұйымдастырушылар.
Іс-шараға алдын ала тіркелу үшін 8 (706) 427-95-62 телефон нөміріне жазуға болады.