Павлодарлықтарды жүгіру марафонына шақырады

Павлодарлықтарды жүгіру марафонына шақырады
Фото: pexels.com

Спорттық шара қала күніне орай өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, 20 шілдеде «QALA RUN PAVLODAR» жарысы ұйымдастырылады. Павлодарлықтар 5, 10 және 21, 1 қашықтықта жүгіреді. Қатысушыларға футболка, бас киім, нөмір Лермонтов көшесі, 44 мекенжайы бойынша беріледі.

Жас санаттары мен абсолютті санаттағы жеңімпаздар үшін жүлде қоры жоспарлануда.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (708) 178-22-16 нөміріне хабарласуға болады.