Павлодарлықтарға ауыр күйзеліске төтеп беруді үйретеді
Тәжірибелі клиникалық психолог психикалық денсаулықты қалай сақтап, оны қалпына келтірудің жолдарын айтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
7 ақпанда сағат 15:00-де Жастар бастамаларын дамыту орталығында психологиялық тренинг өтеді. Клиникалық психолог эмоционалды тепе-теңдікті қалай сақтауға болатынын, күйзелісті басқаруды және шамадан тыс жүктемелерден аулақ болуды үйретеді.
Тренингке алдын ала жазылу үшін 8 (705) 594-92-40 нөмірі арқылы хабарласуға болады.