Поло жейде мен кардиган: Павлодарлық оқушылар мектепке қандай форма кию керек?
Биылғы оқу жылы мектеп формасына қойылатын талаптар белгіленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес мектеп формасының талаптары бекітілген. Павлодар облысының білім беру басқармасы мектепке қандай киім кию керектігін еске салады.
– Талаптарға сәйкес ұлдарға арналған мектеп формасына мыналар кіреді: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күртке/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка), – деп хабарлады басқармада.– Мектеп формасының түсін таңдағанда қою көк гамманы ұстанған жөн.
Қыздарға арналған мектеп формасына келесі киім түрлері кіреді: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күртке/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка).
Сұрақтар туындаған жағдайда оқу орнына немесе тұрғылықты жері бойынша білім бөліміне, сондай-ақ облыстың білім беру басқармасының 8 (7182) 650060, 87074916405 телефон нөмірлері бойынша call-center-ге хабарласуға болады.