«PVL Idea Battle»: Павлодарлық стартаперлер 150 мың теңге үшін жоба қорғайды

«PVL Idea Battle»: Павлодарлық стартаперлер 150 мың теңге үшін жоба қорғайды
Фото: pexels.com

Жобалар кәсіби қазылар алқасы мен инвесторлар алдында таныстырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Өңірлік IT hub-тың мәліметінше, 12 қыркүйекте стартаперлер арасында «PVL Idea Battle» шарасы өтеді. 

– Бұл сіздің стартап әлемінде өзіңізді дәлелдеуге мүмкіндігіңіз. Өз жобаларыңызды таныстыру, сарапшылардан құнды пікірлер алу, инвесторлар немесе серіктестер табу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз, – делінген хабарламада.

Үшінші орынға 20 мың теңге, екінші орын үшін 40 мың теңге болса, бірінші орынды иеленген стартапер 90 мың теңгені ұтады. 

«PVL Idea Battle» шарасына қатысу үшін PDF форматындағы үш минуттық презентация дайындау керек. Қатысушылар 9 қыркүйекке дейін мына сілтеме арқылы тіркеле алады. Іс-шара 12 қыркүйекте сағат 13:00-де Ак.Шөкин көшесі, 139 мекенжайында өтеді.