Рамазан айында Павлодар облысында екі отбасына баспана берілді

Рамазан айында Павлодар облысында екі отбасына баспана берілді
Фото: ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметі

ҚМДБ, «Зекет» қорының бастамасымен Рамазан айында  «30 күнде 30 баспана» атты акция жүзеге асырылуда, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 – Өңірде екі отбасыға баспана кілттері табысталды. Бірінші баспананың кілті Ақсу қаласы Ақсу кентінің тұрғыны, жалғыз басты ана Ғалия атты қарындасымызға табысталды. Бұл игі шараны Ақсу қалалық мешітінің бас имамы және жамағаты ұйымдастырды. Ізгі іске атсалысқан дін қызметшілері мен жамағатына Алла разы болсын! – дейді  ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлы. 

Ал екінші баспана мешіттің қызметтік баспанасы ретінде Шарбақты ауданы Хмелницский ауылындағы Темір молда мешітінің имамына берілді. Бұл шараның іске асуына Абай есімді ауыл тұрғыны отбасымен және Павлодар облысының «Зекет» қоры ұйытқы болды.