Республика күніне орай Павлодарда тарихи кітап таныстырылады
Бұл 17-том саяси қуғын-сүргін, халық трагедиясы туралы материалдар жинағы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
24 қазан күні «Ertis» мультимедиялық музейінде «Егемен елдің еңсесі биік» дөңгелек үстелі өтеді.
Іс-шарада Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары (ХХ ғасырдың 20-50 жылдары) 17-том Павлодар өңіріндегі саяси қуғын-сүргін: халық трагедиясы. Құжаттар мен материалдар жинағы» кітабын ұсынады.
Дөңгелек үстелдің қонақтары Павлодар қаласы университеттерінің тарихшылары, тарих ғылымдарының кандидаттары, PhD докторлары, қаланың белсенді жастарының өкілдері мен студенттер болады.