Санитарлық авиация инсульт алған науқасты Павлодарға жеткізді
Павлодар облысында санитарлық авиация желісі арқылы 1955 жылы туған ер адам Баянауылдан облыс орталығына шұғыл тасымалданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыштары санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, науқасты Баянауылдан Павлодар қаласына тасымалдады. Ер адам облыстық кардиологиялық орталықтың жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқасқа «инсульт» диагнозы қойылған. Қазіргі таңда оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.
Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында науқас облыс орталығына аман-есен жеткізіліп, дәрігерлерге тапсырылды.
ТЖМ авиациясы адамдарды құтқару және шұғыл медициналық көмек көрсету міндеттерін тәулік бойы орындауға дайын.