Сайлау күні екібастұздықтар қоғамдық көліктермен тегін жүреді
Саяси науқанның өтуіне небары үш күн ғана қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Екібастұз қаласы әкімдігі мәлімдеді.
- Екібастұз қаласының тұрғындарына 19 наурыз күні қалалық автобустарда жол жүру тегін болатынын хабарлаймыз, - делінген жазбада.
Айта кетелік, ағымдағы жылдың 19 наурызында ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.