Сенбі күні Павлодар облысында найзағай ойнайды

Сенбі күні Павлодар облысында найзағай ойнайды
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы 15-20 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 16 мамыр күні облыста түнде ауа температурасы +3...+8°C болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр күтіледі. Күндіз сынап бағанасы +20...+25°C дейін көтеріледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Желдің жылдамдығы күндіз облыстың батысында 9-14 метрге, ал солтүстігінде, шығысында 15-20 метрге дейін жетеді.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +4...+6°C болады. Ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +23...+25°C болады. Күн ала бұлтты, жауын-шашын жауып, найзағай күтіледі.