Сенбі күні Павлодар облысында бұрқасын болады

Сенбі күні Павлодар облысында бұрқасын болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауып, боран болады. 

Температура түнде  -8..-13, күндіз  -5...-10 градус болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең қар жауады. Сынап бағанасы түнде -11...-13, күндіз  -5...-7 градус көрсетеді.