1 шілде күні Павлодар облысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңкеде көкөністер, жұмыртқа, бал, сүт және басқа да өнімдер ұсынылады, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жәрмеңке 1
шілде күні Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы) мекенжайында өтеді.
Жәрмеңкеге Аққулы, Павлодар, Тереңкөл аудандары мен Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.
– Мұндай жәрмеңкелер сенбі күндері Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Ауыл базары», сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады, – деп жазылған хабарламада.
Фермерлер нарығының жұмыс кестесі сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Естеріңізге сала кетейік, фермерлер нарығында күнделікті негізде етті нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сату жалғасуда.