Шарбақты ауданында алкогольге ақша сұрап жүрген тұрғын қамауға алынды
Материалдар сотта қаралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға 53 жастағы мас ауыл тұрғыны дүкен сатушысына жанжал шығарып, өтіп бара жатқан адамдардан алкогольге ақша сұрағаны туралы қоңырау түскен.
– Учаскелік полиция инспекторы ер адамның мұндай құқық бұзушылықты бірінші рет жасамағанын анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 3-бөлігі, 434-бабының 2-бөлігі, 449-бабының 2-бөлігі бойынша үш әкімшілік материал толтырылып, материалдар сотта қаралды. Сот шешімі бойынша ауыл тұрғыны 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, – деді Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков.
Тәжірибе көрсеткендей, құқық бұзушылықтардың көпшілігі алкогольдің әсерінен жасалады. Тәртіп сақшыларының пікірінше, аталған факт басқа адамдардың қоғамдық орындарда мұндай бұзушылықтарды жасауына жол бермейді.
Полицейлер қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында заң талаптарын сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс ішпеу жайлы ескертеді.