Шарбақтылық ардагерлер белсенді ұзақ өмірдің формуласын тапты

Шарбақтылық ардагерлер белсенді ұзақ өмірдің формуласын тапты
Фото: pixabay.com

Зейнеткерлер спортпен шұғылдануға жас ерекшелігі әсер етпейтінін дәлелдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аудандық «Ветеран» клубы «Белсенді ұзақ өмір сүру формуласы» атты спорттық шара ұйымдастырды. Бұл жолы қатысушылар дәстүрге айналған кітапханада өтетін үйреншікті бас қосудың салтын бұзып, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде бас қосты.

– Жақсы уақыт өткізу үшін бәріне тиісті дайындық қажет болды. Оған ыңғайлы аяқ киім, спорттық киім және ардагерлердің өздері әзілдеп айтқандай, «оңтайлы жауынгерлік көңіл-күй» болса болды. Мұның бәрін олар өздерімен бірге алып келді. Кіреберісте топты кешен нұсқаушысы қарсы алып, бассейн, жаттығу залы және ойын спорт түрлеріне арналған залды аралатып көрсетті. Әр залдың өзіне тән атмосферасы, ырғағы мен көңіл-күйі бар. Қарт адамдар кейбір тренажерлар мен спорттық құралдарды байқап көріп, спорттың шынымен қызықты әрі пайдалы екеніне көз жеткізді. Олардың арасында бұл кешенге алғаш келгендер де, осында үнемі жаттығатындар да болды, – деп хабарлады ұйымдастырушылар.

«Ветеран» клубының мүшелері салауатты өмір салты – тек рекордтар мен марапаттарға ұмтылу еместігін айтады. Бұл, ең алдымен, қуаныш сыйлайтын қозғалыс, жақсы көңіл-күй және белсенді ұзақ өмір дағдыларын қалыптастырудан басталады. Сондай-ақ бұл – бір-бірімен араласу, бір-бірін қолдау және өздерінің қоғамға қажет әрі маңызды екенін сезіну мүмкіндігін берері сөзсіз.

Бұл шара «Ветеран» клубы мүшелері үшін бір реттік саяхат емес, өмір сапасын жақсартуға, сергектік пен өз күшіне сенімділікті арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.