Шарбақты ауданында медпункт ашылды
Шегірен ауылында медициналық пункт күрделі жөндеуден өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шарбақты ауданы әкімдігінің мәліметінше, облыс әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша ауылдың инфрақұрылымы кешенді түрде дамитын болады.
– Мектеп пен мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, спортшылардың өтініші бойынша күрес залында күреспен айналысуға жағдай жасалады. Сондай-ақ салынып жатқан мешіт орталық жылытуға қосылады, – дейді әкімдікте.
Бұдан бөлек, кент ішіндегі үш жол, кірме жол жөнделіп, ауылдағы көше жарықтандыру шамдарының саны артады. Демеушілік қаражат есебінен заманауи ойын алаңы орнатылады.
Еске сала кетейік, жаңа жыл қарсаңында аудан орталығында 2010 жылдан бері кезекте тұрған 12 отбасы көптен күткен пәтер кілттерін алды. Былтыр адан әкімдігі 18 пәтерлі екі қабатты үй сатып алған. Оның 12 пәтері кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, яғни мүгедек балалары және толық емес отбасыларға бөлінді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram