Сыбайлас жемқорлықпен күреске үн қосқан павлодарлық қаламгерлер марапатталды

Сыбайлас жемқорлықпен күреске үн қосқан павлодарлық қаламгерлер марапатталды

Іріктеу қорытындысы бойынша тоғыз БАҚ өкілі жеңімпаз атанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Байқауды Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Асыл заман» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Облыстың барлық қалалары мен аудандарынан 18 бен 35 жас аралығындағы штаттық және штаттан тыс авторлары, сондай-ақ баспа басылымдарының, теле-радио және онлайн БАҚ өкілдері қатыса алды.

Журналистік жұмыстар «Үздік журналистік мақала», «Үздік хабар», «Үздік сюжет», «Үздік сұхбат-мақала», «Үздік бейнебаян» номинациялар бойынша қабылданды.

Ғылыми басылымдар, сондай-ақ семинарлар, дөңгелек үстелдер және конференциялар аясында ұсынылған материалдар конкурсқа қабылданбады. Ұйымдастырушылардың негізгі талаптары – тақырыпқа сәйкестік пен авторлық.

«Үздік журналистік мақала» номинациясында павлодарлық Айдана Боранбаева, Наталья Зинченко, Әсия Серікова, Сәния Уваисова және Павлодар ауданынан Дәметай Құспекова, Баянауыл ауданынан Қайрат Мерейілім және аққулылық Мерей Ережепова жеңімпаз атанды. «Үздік хабар» жүлдесін Дархан Бекішев алды, ал үздік сұхбат-мақаласының авторы Артем Клеван деп танылды.

Жалпы жүлде қоры жарты миллион теңгені құрады. Әрбір жеңімпаз тұрмыстық техника дүкеніне сыйлық сертификатына иеленді.

Фото: Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет