Павлодарлықтар арасында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет - ЭСҚ
Электронды сандық қолтаңбаны алуға 12 мыңнан астам облыс тұрғыны өтініш білдірген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
109 облыстық бірыңғай байланыс орталығының мәлімдеуінше, 1-30 шілде аралығында Павлодар облысында ең көп сұранысқа ие 6 мемлекеттік қызметтің түрі аталды.
Мұнда 12 068 адамға ЭСҚ берілсе, 3778 тұрғын көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу бойынша жүгінген. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу бойынша 3938, тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұруға 1393, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар алуға 754 және жүргізуші куәлігіне 803 адам келген.
Ал ХҚО-ның аудандық бөлімшелері арасында үздік бестікке Ертіс ауданы (386), Шарбақты ауданы (336), Павлодар облысы (220), Аққулы ауданы (218) және Тереңкөл ауданы (191) енді. Мұнда тұрғындар көбіне ЭСҚ беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру қызметін пайдаланған.