«Таза Қазақстан»: Павлодарда тоғыз мың тоннадан астам қоқыс шығарылды

«Таза Қазақстан»: Павлодарда тоғыз мың тоннадан астам қоқыс шығарылды
Фото: ұйымдастырушылардан

Бүгін павлодарлықтар Шарбақты көпірінің арғы бөлігін қоқыстан тазартуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында облыс көлемінде ауқымды экологиялық акция жалғасуда.

Павлодарда 18 сәуірден 18 мамырға дейін тазалық пен абаттандыру айлығы жарияланды. Соның аясында қала тұрғындары, мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес-қоғамдастық, қала кәсіпорындары және бейжай қарамайтын азаматтар экологиялық акцияларға белсенді қатысуда.

— Акция басталғалы мыңдаған павлодарлық ортақ іске өз үлесін қосты. Бүгін жүздеген қала тұрғыны Жетекші ауылы ауданындағы заңсыз қоқыс үйіндісін тазалауға қатысты. Қатысушылар үшін көлік ұйымдастырылды, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімі қажетті құрал-сайманмен қамтамасыз етті, сондай-ақ ыстық палау, шай және бауырсақ түріндегі дәм ұсынылды,- деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Акция басталғаннан бері қалада  9 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған. Осы мақсатта  200-ге жуық техника жұмылдырылды.  

Павлодарда экологиялық қозғалысты насихаттау мақсатында ең таза әрі абаттандырылған аулаға «Таза аула» конкурсы жарияланды. Оған мүлік иесінің бірлестігі, жай серіктестік және көпқабатты үйлердің тұрғындары қатыса алады. Конкурс қорытындысы 20 қазанда шығарылады.  

Тазалық айлығы барысында қала әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі қоқыс шығару үшін арнайы техника бөледі. Бұл кезеңде полигон қоқысты тегін қабылдайды.

— Павлодар әрқашан тазалығымен танымал болған, ал қала тұрғындарының «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуы мұны тағы бір мәрте дәлелдегендей,- дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетелік,  акция 18 мамырға дейін жалғасады. Бастамашыл топ барлық тұрғынды шет қалмауға және туған қаламыздың тазалығына өз үлесін қосуға шақырады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от qaz.pavlodarnews.kz (@qaz.pavlodarnews.kz)