Телефонға елеңдеген павлодарлық жүргізуші айыппұл арқалады

Телефонға елеңдеген павлодарлық жүргізуші айыппұл арқалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жыл басынан бері ұялы телефондарды пайдалану ережелерін бұзғаны үшін мыңнан астам жүргізушінің жолы кесілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілердің мониторингі барысында Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі Павлодар – Қызылорда тас жолында келе жатып, құлаққапсыз ұялы телефонмен сөйлескен сәті бейнеге түсіп, парақшалардың біріне жарияланғаны анықталды. 

– Жүргізуші көлік құралын жүргізіп, телефонды пайдаланып, ережені бұзды. Бұл оның да, басқа адамдардың өміріне қауіп төндіретін бұзушылық.  Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылды, – деді департаментте. 

Бұл ретте, тәртіп сақшылары жыл басынан бері ұялы телефондарды пайдалану ережелерін бұзғаны үшін мыңнан астам жүргізушінің жолын кескен. 

Полиция департаменті аймақ тұрғындарынан жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.