Тереңкөл ауданының капитаны «Рух» сыйлығының номинанты атанды
Виктория Максимова жеті жыл бойы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға үлес қосуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, капитан Виктория Максимова күнделікті міндеттеріне өртке қарсы объектілерді инспекциялау ғана емес, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқамалар ұйымдастыруға белсенді қатысады.
– Тереңкөл ауданы ТЖБ инженері – өз ведомствосының мақтанышы. Әріптестері оның талапшылдығын және міндеттерін адал атқаруын бағалайды, – дейді департаментте.
Аудан әкімінің «Азаматтық қорғау органдарының үздік жас қызметкері» номинациясындағы «Рух» жастар сыйлығы марапаты оның жетістіктері мен адалдығының дәлелі болып табылады. Сыйлықтың мақсаты – ауданның дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан талантты және белсенді жастарды қолдау.