Тереңкөлде бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді
Бұл шараны ауданның «Мансап» орталығы ұйымдастыруда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тереңкөл ауданы «Мансап» орталығының мәліметінше, жұмыссыз және жұмыс іздеуші азаматтарға, алимент бойынша берешегі бар және пробациялық қызметте тіркеуде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ.
Аталмыш іс-шара 19 қаңтар күні сағат 11:00-де Елгин көшесі, 128 мекенжайында орналасқан «Aldaspan» жастар орталығында өтеді.