Тереңкөлден – Павлодарға: Жас науқас дер кезінде ауруханаға жеткізілді
Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» әуе кемесі рейс орындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар – Тереңкөл – Павлодар бағыты бойынша санитарлық авиациялық рейсті әуе кемесінің командирі Керім Сауқынбек басқарды.
Тасымалдау барысында 2012 жылы туған науқас қыз медициналық мамандардың тұрақты бақылауында болды және оған қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілді.
Жасөспірім қауіпсіз түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Қыз бала қант диабеті диагнозымен есепте тұрады. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты.