Туған күнді тойлаған: Успен ауданында тракторшы қамауға алынды

Ол тракторды мас күйінде жүргізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Құқықтық тәртіп» ЖПШ өткізу шеңберінде Успен ауданы Лозовое ауылының маңында патрульдеу кезінде полицейлер МТЗ -80 маркалы көлік құралын байқады.
Көлікті тоқтатқан уақытта әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шықты. Медициналық куәландыру ауыл тұрғынының мас күйінде көлік жүргізгенін көрсетті. Белгілі болғандай, ер адам қызының туған күнін атап өтіп, бір күн бұрын ішімдік ішкен.
– Құқық бұзушыға қатысты материал толтырылып, сотқа жіберілді, оның шешімі бойынша ауыл тұрғыны 15 тәулік мерзімге қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлады Успен аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Мадияр Тұрсынбаев.
Полиция барлық жол қозғалысына қатысушылардан жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
«Заң және тәртіп» қағидаты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қолдауға бағытталған ішкі істер органдары қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.