Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 48 мыңнан асты
Түркия вице-президенті Фуат Октай төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) орталығында баспасөз мәслихатын өткізді. Ол 2023 жылдың 6 ақпанында болған жер сілкінісінің салдарынан Кахраманмарашта 48 448 адамның қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Вице-президенттің айтуынша, 3 мыңнан астам құтқарушы апат аймақтарында әлі де жұмыс жүргізіп жатыр.
Апат аймағында 1 миллион 805 мың 842 ғимарат тексеріліп, 653 мың тұрғын үй апатты және орташа зақымданған деп танылған.
Қоқыстың 20 пайызы шығарылды.