Успен ауданында кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Успен ауданында кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
pexels.com

Оған жеті ауылдық округтерінің тауар өндірушілері қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәлімдеуінше, жәрмеңке 29 қыркүйекте сапаржай алаңында ұйымдастырылмақ.

- Саудаға Успен, Новопокровский, Лозовский, Қозыкеткен, Қоңырөзек, Равнополь, Ольгинский тәрізді жеті ауылдық округтерінің тауар өндірушілері қатысады. Ауданының тұрғындарына өнім түрлерінен мол ассортимент ұсынылатын болады, - делінген хабарламада.
Онда ет, сүт өнімдері, шұжық, ірімшік, жартылай фабрикаттар, күнбағыс майы мен жұмыртқа және т.б., өнімдерді арзан бағамен сатып алуға болады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы:

Сиыр еті – 2400-2500тг/кг,
шошқа еті - 2000 тг/кг,
Қой еті- 2000 тг/кг,
әлеуметтік жұмыртқа - 420 теңге,
шикі сүт - 230 тг/л,
Сүзбе- 700-800 тг/кг,
Сары май- 3000 тг,
күнбағыс майы - 600-800 тг/л,
Картоп- 110 тг/кг,
Пияз- 100 тг/кг.

Жәрмеңке барысында тұрғындар аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концертін тамашалай алады.