Павлодарда 45 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарды

Павлодарда 45 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

ҚР бойынша бірқатар температуралық рекордтар тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК мамандары күздің екінші айының ауа райы қорытындысын шығарды. Қазан айының бірінші онкүндігінде бүкіл елде жылы ауа райы болды. Күндізгі ауа температурасы +20,+30°C-қа дейін көтерілді, тіпті кейбір күндері ең жоғары ауа температурасының рекордтары тіркелді. 9 қазанда бірқатар метеостанцияларда 2019 жылғы абсолютті рекордтар жаңартылды: Қостанай метеостанциясында абсолютті рекорд +24,2°С, алдыңғы рекорд +23,2°С болса, Көкшетау метеостанциясында температура +23,5°С дейін көтерілді, алдыңғы рекорд +22,8°С болды. 

– Ал Екібастұз метеостанциясында сынап бағанасы +23,7 ° С-қа дейін көтерілді. Бұрынғы рекорд +21,8°С болған еді,– деді синоптиктер

Қазан айының екінші онкүндігінде Скандинавия аудандарынан суық ауа массаларының келуімен елдің көптеген аймақтарында ең төменгі температураның жаңа рекордтары орнатылды.

– 13 қазанда Павлодар метеостанциясында сынап бағандары -8,5°С-қа, ал 14 қазанда -8,8°С-қа дейін төмендеді. Осылайша 1957 (-7,2°С) және 1979 (-8,0°С) жылдардың рекордтары жаңартылды,– делінген хабарламада. 

Айдың үшінші онкүндігінде ауа температурасы салыстырмалы түрде тұрақты болды, рекордтар тіркелмеді. 

Еске сала кетейік, осы аптаның соңына дейін өңірде боранды болмақ.