Павлодардың оңтүстік бөлігінде ақау шыққан үйлерге 5 маусымға дейін ыстық су беріледі
Қала әкімі Ержан Иманзайыпов жөндеу жүріп жатқан орындарды тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодарда «Grappa Stroy» ЖШС мердігерлік ұйымымен Оңтүстік желілік ауданда гидравликалық сынақтардан кейін анықталған ақауларды жою бойынша жұмыстар басталды.
Қазіргі күні ЖЭО-1 қосылған Оңтүстік желілік ауданда 142 ақау орын алды (оның ішінде магистральдық жылу желілерінде - 43).
- Павлодар облысы әкімінің тапсырмасы бойынша 5 маусымға дейін анықталған ақауларды жойып, қала тұрғындарын ыстық сумен қамтамасыз етуіміз қажет. Қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан 51 КҚТҮ бар 4 учаскені қоспағанда, бұл жұмыстар 25 тамызға дейін жалғасады, - деп жазды қала әкімі өзінің Instagram парақшасында.
Шаһар басшысы Бекхожин 3, Майра 47/1, Ткачев 3, 5 мекенжайларындағы жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Жауапты мамандар өз кезегінде магистральдық желілерді жөндеу бойынша барлық жұмыстарды жүргізуге міндетті.
Ержан Иманзайыпов тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен «Павлодар жылу желілері» ЖШС-ға көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық суды қосу мерзімдері туралы ақпаратты жариялауға, ал, ТҮКШ бөліміне қазылған, оның ішінде бұзылған балалар алаңдарын ретке келтіруді тапсырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фото: ашық дереккөздерден