Жұма күні Павлодар облысында боран болады
![Жұма күні Павлодар облысында боран болады](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202311/image_750x_655dd3368a933.jpg)
9 ақпан күні қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, боран соғып, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15-20, екпіні секундына 23-28, облыстың оңтүстігінде, шығысында кейде 30 метрді құрайды.
Түнде ауа температурасы 3-8, күндіз 0-5 градус көрсетеді.
Павлодар қаласында күн бұлттанып, боран соғады. Сынап бағанасы түнде 6-8, күндіз 2-4 градус көрсетеді.