Жұма күні Павлодар облысында күн күркіреп, жауын жауады
Облыстың батыс, оңтүстік бөлігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 20-25 градус көрсетеді.
Павлодар қаласында күн бұлтты болады. Түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 22-24 градус ыстық болады.