Жұмысшы мамандықтар жылы: Павлодарда оқушылар алюминий зауытына барды

Шара оқушыларға жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын көрсету және болашақ кәсіби бағытын таңдауда қолдау көрсетуді көздеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін «Қазақстан алюминийі» базасында №4 Камал Макпалиев атындағы мектептің оқушыларына кәсіби бағдар беру экскурсиясы өткізілді.
– Экскурсия барысында оқушылар өндіріс процесімен танысып, кәсіпорын жұмысының ерекшеліктерін зерделеді. Оларға металлургия саласының маңыздылығы түсіндіріліп, зауыттағы заманауи технологиялар мен қауіпсіздік шаралары көрсетілді. Қатысушылар әртүрлі өндірістік мамандықтар туралы біліп, тәжірибелі мамандардан пайдалы кеңестер алды, – делінген хабарламада.
Кәсіпорын қызметкерлері оқушылармен өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіптік даму мүмкіндіктері туралы айтты. Сондай-ақ, оқушыларға өндіріс саласындағы сұранысқа ие мамандықтар мен олардың артықшылықтары таныстырылды.