Жадыра Каткенова: Музей ісін дамыту да назардан тыс қалмайды

Жадыра Каткенова: Музей ісін дамыту да назардан тыс қалмайды

Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің маманы Құрылтай тақырыбы көптеген жаңа идеяларға жол салатынына сенімді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы мәдениет пен өнерді дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытының бірі екенін атап өтті.

- Президент музей ісін дамыту маңызды міндеттердің бірі деді. Елімізде көптеген театрлар мен кітапханалар салу қажеттігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, Әл-Фараби, Қожа-Ахмет Яссауи ілімдері ұлт руханияты үшін өте маңызды екенін атап өтті. Жиын барысында Мемлекет басшысы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуді ұсынды, - дейді музей қызметкері. 

Құрылтайда көтерілген көп саланың ішінен музей ісін дамыту да назардан тыс қалмады. Бұл музей қызметкерлерін ерекше қуанышқа бөлеуде.

- Бұдан бөлек, басты міндет халқымыздың баға жетпес қазынасы - ұлттық мұрасын сақтап, ұрпаққа табыстау деген рухани даму бағытындағы ойлары да бізді қуантты. Білім, ғылым, жоғары технологияны дамытуға  үлкен инвестиция салынатыны да көптің көңілінен шыққан игі  бастама болды. Өйткені кез келген мемлекеттің дамуы ғылымға  сүйенген кезде ғана шын дамиды деп ойлаймын. Құрылтай тақырыбы көптеген жаңа идеяларға жол салатыны сөзсіз, - деді ол.

 Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысының руханият саласына ерекше мән беріп, алдағы кезеңде ауқымды жобаларды жүзеге асыруды міндеттеуі теген емес.

Президент Қызылордада ашылған жаңа тарихи-өлкетану музейінде  болған кезін еске алып, оның заман талабына сай салынғанын, онда музей ісін ұйымдастырудың тың тәсілдері қолданылғанын айта келе, бұл тәжірибені басқа облыстарға үлгі етуге болатынын жеткізген еді.

Жадыра Каткенова өз сөзінде павлодарлық музейдің жаңашылдыққа сақадай сай екенін жеткізді.